13.05.2026
Президент Архивінің мамандары жасанды интеллект технологияларын меңгерді
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің 52 қызметкері жасанды интеллект технологиялары бойынша арнайы оқу курсынан өтті. Қатысушылар нейрожелілермен жұмыс істеу негіздерін меңгеріп, цифрлық құралдарды қолданудың заманауи тәсілдерімен танысты.
«Жасанды интеллект – баршаға» оқыту курсы Мемлекет басшысының 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау бастамасына сәйкес ұйымдастырылды. Іс-шара ҚР Президенті Архиві мен Satbayev University университеті арасындағы меморандум аясында өтті.
Екі айлық оқу соңында барлық қатысушыға жасанды интеллект саласындағы біліктілігін растайтын сертификаттар берілді. Бұл бастама архив ісін цифрландыруға және жаңа технологияларды жұмыс процесіне енгізуге жол ашады.