АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«Архив құжаттарындағы менің отбасымның тарихы» мектептік оқу-зерттеу жобаларының конкурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Астана және Алматы қалаларының Білім басқармаларымен бірлесіп «Архив құжаттарындағы менің отбасымның тарихы» мектептік оқу-зерттеу жобаларының конкурсын өткізетінін хабарлайды.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: архивтік құжаттар мен дереккөздер арқылы өз отбасының тарихын зерттеу негізінде оқушылардың зерттеушілік мәдениетін, шығармашылық әлеуетін және тарихи санасын дамыту.
Міндеттері: мектеп оқушыларын отбасылық және мемлекеттік архивтермен жұмыс істеуге тарту, сыни талдау дағдыларын дамыту және ұрпақтар сабақтастығының тарихи жадын сақтау.
Қатысушылар: Астана және Алматы қалаларындағы жалпы білім беретін мектептердің 8–11 сынып оқушылары.
Қатысу форматы: жеке (әрбір қатысушы тек бір ғана жобасын ұсына алады).
Конкурстың жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері.
Жобалардың тақырыптық бағыттары
Қатысушылар төмендегі тақырыптардың бірін таңдай алады:
- Тәуелсіздік шежіресі: менің отбасымның тағдырындағы ел тарихы (Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай).
- Дәуір куәгерлері: отбасылық архив және ұрпақтар жады.
- Еңбек әулеттері және олардың болашаққа қосқан үлесі.
- Туған өлкенің тарихы мен тағдырындағы менің отбасым.
- Жәдігерлер: отбасылық құндылықтар не туралы сыр шертеді.
- Қазақстанның жасампаздары: менің отбасымның ғылымға, мәдениетке, білім мен спортқа қосқан үлесі.
Өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды ұсыну тәртібі
Қатысу процесі екі міндетті кезеңнен тұрады:
1-кезең. Өтінімді тіркеу (2026 жылғы 1 қазан, сағат 23:59-ға дейін)
Қатысушы төмендегі сілтеме бойынша электрондық нысанды толтыруы қажет:
Астана қаласы үшін – https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc1GHQ0cfKsFdQDv1AZVlBMj5CK54Zi9SpsAc-Qt-g0O_oV4Q/viewform
Алматы қаласы үшін – https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfyxFee9D1cErN89heF4DASdaD1Jqw1-qLDwHa1C8bjSddkyw/viewform
2-кезең. Жұмыс пен материалдарды жіберу (2026 жылғы 1 қараша, сағат 23:59-ға дейін)
Қатысушы төмендегі электрондық поштаға толық құжаттар топтамасын жіберу қажет (зерттеу жобасының мәтіні Word (.doc/.docx форматында); тақырыптың өзектілігін, оқушының жеке үлесін бағалауды қамтитын жетекшінің пікірі (жетекшінің қолы және мектеп мөрімен расталған); мәтінді дайындау барысында нейрожелілер қолдану парағы (егер жасанды интеллектіні пайдаланған жағдайда):
Астана қаласы үшін – familyhistory.astana@gmail.com
Алматы қаласы үшін – familyhistory.almaty@gmail.com
Хаттың тақырыбында міндетті түрде мыналарды көрсету қажет: қатысушының аты-жөні, қала атауы, мектептің нөмірі/атауы (мысалы: Ахметов А.А., Астана қ., №15 мектеп).
Конкурс туралы ақпарат және оның Ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві сайтында да орналастырылады (https://archive.president.kz/kz/ ).
Конкурсқа ұсынылған жобалар арнайы құрылған Конкурстық комиссия тарапынан бағаланады.
Конкурсты өткізу кезеңдері және қорытындысын шығару
Сырттай іріктеу – 2026 жылғы 20 қарашаға дейін.
Жұмыстарды сараптамалық комиссияның бағалауы (бағалау критерийлері: тақырып, архивтік шифрлар, бірегейлік, қорытындылар).
Жобаларды қорғау - 2026 жылғы 26 қараша.
Астана және Алматы қалалары бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жобаның авторлары Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде өтетін жобаларды конкурстық комиссия алдында қорғауға (презентация 7 минутқа дейін) шақырылады.
Қорғау мен марапаттау мекенжайы:
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 15.
Алматы қ., Достық даңғылы, 87Б.
Конкурс қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша төмендегі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
Ұйымның телефоны: +7 (7172) 57-36-75
Астана қаласы бойынша үйлестіруші: Дастан Жұманбаев +7 (705) 303-24-15; Жұлдыз Тәукебаева +7 (777) 408-23-31
Алматы қаласы бойынша үйлестіруші: Ақерке Бейсенбекова +7 (771) 232-07-05