04.09.2026
Гданьск қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс музейінің делегациясы ҚР Президентінің Архивіне келді
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде директор Әлия Мұстафина мен Гданьск қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс музейінің делегациясы кездесті.
Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кәсіби тәжірибе алмасу перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, тарихи материалдарды зерделеп, оларды насихаттауға бағытталған бірлескен көрмелер мен білім беру жобаларын дайындау мәселелері қозғалды.
Гданьск қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс музейі директорының орынбасары Януш Маршалец және ғылыми қызметкерлері Дмитрий Панто, Енджей Пекара көрме залындағы экспозициямен, онда ұсынылған тарихи құжаттармен танысты. Сонымен қатар, Архивтің оқу залындағы зерттеушілерге жасалған мүмкіндіктер туралы ақпарат алды.
Айта кетсек,Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Гданьск қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс музейі арасындағы әріптестік 2017 жылы жасалған Ынтымақтастық туралы келісім негізінде жүзеге асырылып келеді. Бірлескен жұмыстың нәтижелерінің бірі ретінде Архив қорларындағы 1936-1941 жылдары поляктар мен поляк азаматтарының Қазақстанға депортациялану тарихына арналған құжаттар жинағының поляк тілінде жарық көруін атап өтуге болады.