03.05.2024

Архив және ҚБТУ: жаңа серіктестік және ынтымақтастық

2024 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина Қазақстан-Британ техникалық университетінің Басқарма төрағасы, ректор М.Т. Ғабдуллинмен және ҚБТУ Ақпараттық технологиялар және Инженерия мектебінің өкілдерімен кездесуі өтті. Архив директоры білім беру саласындағы әріптестеріне Президент Архивінің жұмысының ерекшеліктері туралы айтып, алдағы уақытқа арналған жоспарларын баяндады, онда архившілер мен IT мамандардың жас буынын тарту маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық және бірлескен жобаларды ұйымдастыру мәселелерін, оның ішінде архив қызметімен байланысты робототехника және виртуалды шындық жөніндегі жобаны білім беру процесіне бірлесіп енгізу мәселелерін талқылады. Қарқынды дамып келе жатқан технологиялар әлемінде архив саласы үнемі жетілдіріліп отырады және тек қана жаңа білімге сүйене отырып алға дамуға болады.

Цифрландыру және электрондық архивтерді дамыту қызметінің сарапшысы Е.Қ. Мұсабаев қонақтарға «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» виртуалды көрмесін көрсетті. Мұндай жобаларды құру бойынша жұмыс IT саласындағы жаңадан бастаушылар үшін пайдалы тәжірибе бола алады. Архивтік қызмет үшін жасанды интеллект және цифрланған құжаттарды тану саласындағы жұмыс та үлкен маңызға ие. ҚБТУ-да мұндай жобалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар. Алдағы жобаларды талқылау қорытындысы бойынша ҚБТУ білім алушылары мен оқытушылары биыл қазан айында Қазақстан архившілерінің II Конгресінде, архившілердің жазғы мектебінде бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаластықты. Кездесу соңында тараптар ынтымақтастық туралы меморандум дайындауға келісті. Университет делегациясына оқу залы мен зертханаларға экскурсия ұйымдастырылды. Архивтік құжаттарды цифрландыру және қалпына келтіру жұмыстары көрсетілді.