26.04.2024

Шетелдік әріптестермен ынтымақтастық

2024 жылғы 25-26 сәуір күндері Алматы қаласына Ресей Ғылым Академиясының Шығыстану институты директорының орынбасары В.Ц. Головачев бастаған делегациясы келді.
26 сәуірде делегация ҚР Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафинамен кездесті.

Кездесуде тараптар екі ел мекемелерінің қызметі жайлы әңгімелесіп, ынтымақтастықтың бағыттары мен болашағын талқылады. Нәтижесінде уағдаластықты бекіткен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.